Кереғар тіршілік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кереғар тіршілік» атты Темірхан Медетбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 591
Кейде
Бұрғылау
Мұнараларындағы
Алып дизельдердің
Білектей-білектей —
Алма-кезек тепкілеген! —
Поршеньдардай
Алқынып тұрам.
Кейде алау-далау боп
Жартастарды
Соққылап-соққылап
Түк шығара алмастан
Жуасып тынған
Толқындардай
Тартылып тұрам.
Бірде олаймын,
Бірде былаймын,
Бірде пенде
Е, жаратқан,
Өзің кешіре гөр
Бірде құдаймын.
Басымда —
Түсініксіз! —
Уіл тұрады.
Жердің астынан —
Үрейлі! —
Гуіл шығады.
Кейде
Айнала дүние
Жер сілкінбесе де
Сілкінеді;
Қара бұлттар
Қара тастардай қатайып,
Қара жартастар
Түбіттей түтіледі...
Кереғар тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кереғар тіршілік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кереғар тіршілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кереғар тіршілік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кереғар тіршілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері