Дала дастарханы
Бұл бетте «Дала дастарханы» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жолдастарға
Достарға
Қажеті жоқ дауыңның.
Қонаққұмар дастарқан
Картасындай ауылдың.
Енесі көз алмайды
Елпілдеген келіннен.
Майда құрттар аумайды
Мәліш қойдан бөлінген.
Сары ірімшік түйірі
Сары алтындай шайылған
Сиырлардай Бүйірі
Шыққанша бір жайылған.
Талқаным-ай!
Тарым-ай!
Тегіс қойған аямай.
Жанындағы сары май
Жазда үйген маядай.
Шұғылалы, арайлы
Шоқ қыздырып астынан
Шыны аяққа қарайды
Шөккен нардай тасқұман.
Қозы етінің жанында
Қандай ғажап сұр етің. ...
Дастарқанға салынған
Бүкіл ауыл суреті.
Булар Маган унады.Олар асерли.
Кадыр Мырза Алидин Дала Дастарханы керемет жазылған
Жар деген олеңі жокпекен?Кадыр ағаның
оте керемет!!!