Ерлі-зайыпты қазақтар

Бұл бетте «Ерлі-зайыпты қазақтар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 1
  • 24147
Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады.
Ел жыртығын ақылмен ер жамаған.
Ал долы әйел қай кезде де қабаған.
Соның өзін
"Ойбайлатып"
Бабамыз
Үстеріне тон кигізіп "сабаған".
Қайткенде де
"Әй!" дегеннен үрікпе.
Жар қолында қай кезде де шүріппе.
Күйеуіне істетеді дегенін,
"Зардап шегіп",
"Таяғын жеп" жүріп те!


Пікірлер (1)

Асемай

!!! :-)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерлі-зайыпты қазақтар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ерлі-зайыпты қазақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерлі-зайыпты қазақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерлі-зайыпты қазақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері