Көтерілген тың – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Көтерілген тың» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1147
Жарқын жүзі жайдары
Келді тағы сұлу май.
Біздің сұлу таңдағы
Табиғаттың сыйындай.
Май шуағын қарсы алып
Көтерілді дала тың,
Жапырағын күн шалып
Жайды ормандар қанатын.
Тың жерлердің төсінде
Тракторлар сап құрып,
Қыр қыртысын кесуде,
Қара тонды қақ тіліп.
Жыртқан жерлер жосылып, —
Жолақ көйлек бойындай,
Көкте, яки — көсіліп
Сызылған құс жолындай!
Қарақошқыл шибарқыт
Бейне қара топырақ.
Күн көзіне тұр балқып
Жылы буы бұрқырап...

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері