Бозша- туған менің ауылым – Айдана Боранбаева

Бұл бетте «Бозша- туған менің ауылым» атты Айдана Боранбаева жазған туған жер туралы өлең берілген.

Бозша шіркін, керемет қой қашанда,
Таң қаласың ауасына барғанда,
Кешкі кезде ауласында отырғанда,
Шабытына шабыт қосар жазғанда.

Туғанмын қысы суық бұл ауылда,
Суы-тұнық, жері-жазық, ну орманда.
Қарт Ертістің бойында асыр салып
Талай мәрте ойнағанмын жауында.

Ыстық қой оның әрбір тасы маған,
Шілдесінде құмға жатып аунаған.
Сағынамын туған жер, ауылымды,
Гүлдері жұпар шашып аңқыған.

Келісемін, ауылдан қала жақсы екенін,
Болашағынды жарқын жолға ертерін,
Бірақ та кей кезде тұншығамын,
Қаладағы заводтардың түтініне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар