Жаздың сөзі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Жаздың сөзі» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3826
Сәуірде көтерілер рахмат туы,
Көрінер көк жүзінде (иүзінде) қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр (иаңбыр),жыралардан (жерлерден) сулар ағып,
Жайылар (иаилар) жер жүзіне қардың суы.
Жұмақтың(ұжмақтың) бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер(өстірер) жерден шөпті нұрдың буы.
Жақындар (иақындар) Құдайымның көктен күні,
Теңелер (тиңайлар) жарлығымен күн мен түні.
Аспаннан рахматымен (ирахматыман) жібергенде,
Қуанып қыбырлайды еніс-жіні (нисі-жині).
Ұйқыдан көзін ашқан жас (иас) балаша,
Жайқалып (иайқалып) шыға келер жердің гүлі.
Шапақтан шынығар күн мұнарланып,
Жаңбырлы (иаңбырлы) күн түседі тұманданып.
Адамзат нұрдың исін судан жұтар (иұтар),
Шөл тарқатқан айуанша құмарланып.
Жетпеген үлкендікке жас балалар,
Жүгірер үйден - үйге жұмарланып (иұмарланып).
Сәуірдің әрбір күні - дертке дәрмен,
Құдайым зарман етіп, етер пәрмен..
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел көшіп алуан-алуан.
Келісіп, құшақтасып, әзіл етер,
Қатын-қыз көш жөнелтіп, кейін қалған.
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер(дің) шөбі өсер.
Көгорай дүние жүзі шалғын болып,
Адамзат, жын, хайуан баурын төсер.
Жұмақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Жұмақтан қош иісті (иіслі) желдер есер.
Жүгірер киік, құлан ор мен (орман) қырға,
Қуанып ықыласымен келген жылға.
Алыстан сағымданған мұнарлары,
Шақырып, тұрар күліп: "Кел-деп-мұнда!
" Көл бұзылып, қуанып, қойнын ашса,
Қаңқылдап қуанады қарға, тырна.
Кеш болса, Күн қонады таудан асып,
Шапақтан қызыл алтын нұрын шашып.
Аһ ұрып шүкірлікпен(шүкірлікман) құшақтасар,
Рақатпен кеш уақытта неше ғашық.
Боз үйден дәл таңертең күйеу шығар,
Артында қалар жары (иары) амандасып.
Құдайға шүкір қылар жас пен кәрі:
"Бердің - деп,- жанға рақат, имамласып."
Адамзат, жын-хайуан, құрт-құмырсқа,
Зарлықпен бір тәңірге айтар зары.
Қырда - орман, жер жүзінде бәйшешектер,
Шуылдап, шүкір етер оның (аның) бәрі.
Алланың не бергенін білер бәрі,
Іздейді шүкірлік қып бар шахзары.
Мақұлық, тау мен тас, шөп пен ағаш,
Білгізген баршасына Біреу бары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаздың сөзі өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаздың сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаздың сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаздың сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері