Ай үстінде жұлдызым

Бұл бетте «Ай үстінде жұлдызым» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 927
Ел аңызы естегі:
«Айға ғашық Зура қыз
Ұшып барып, деуші еді —
Бола қалған бір жұлдыз...
Жас кезімде ай туса:
Көрінетін түн — күндіз,
Зура деуші ек айтылса,
Ай қасында бір жұлдыз.
Ширек ғасыр ілгері,
Кезінде елім ер жеткен,
Тіл қаттырып күнге ерім
Айға жырым бір жеткен.
Шенейтұғын достарым:
Деп неге ерте көкке ұштың?
Еді ол дауыс қосқаным
Тасқынына от күштің!
Қиял құсы ол күнде
Шарқ ұрған жыр ақыннан,
Айға жетіп үлгерді
Ракетам атылған.
Алатаудың басынан
Айға қарап дүрбімен,
Жалыны көкке шашылған
Ракета көрдім мен.
Таңырқап бір ай қарап,
Бұлттың жыртып көйлегін,
Ракета сорғалап
Кезді аспан әлемін.
Қара түнді қақ жарып
Алтын жұлдыз ұшқанын
Алатаудан аңғарып
Көрдім айды құшқанын.
Ел қуанды Отанда
Жаны жарқын жайраңдай.
Айға, өлең оқуға
Болдым өзім барғандай.
Айға қонды жұлдызы
Еркін совет елінің,
Қайран қалды жер жүзі
Күшіне біздің ғылымның.
Күллі космос әлемі
Десе оған: атың кім?
Мен жұлдызы дер еді
Советтік от атомның.
Айға жұлдыз қадаған
Көкке жетіп жерден қол,
Құлаш ұрды Невадан
Ленин атты «Ледокол»,
Еркін халық қуаты
Қабат туған қос күшті,
Ракета тұр аты
Қақ айырып космосты.
Секілді ол жанғанда
Жанарындай көзімнің,
Тұңғыш сәлем берді айға
Гербі коммунизмнің!
Ширек ғасыр ілгері
Кезінде елім ер жеткен,
Тіл қаттырып күнге ерім,
Айға жырым бір жеткен.
Қиял құсы ол күнгі
Шарқ ұрған жыр ақыннан,
Айға жетіп үлгерді
Ракетам атылған!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай үстінде жұлдызым өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ай үстінде жұлдызым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай үстінде жұлдызым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай үстінде жұлдызым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері