Кавказ қақпасы

Бұл бетте «Кавказ қақпасы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 731
Бейне аспанда бір сағым
Асқар тауы Абхаздың,
Ашты маған құшағын
Тас қақпасы Кавказдың.
Есігі үңгір тас екен
Бұрылмастай ат басы,
Дейтұғын нақ осы екен
Кәрі Кавказ қақпасы.
Бұл қақпадан өткен-ді
Бұғып талай қос ғашық,
Көрдім тасты өткелді,
Жауға жабық, досқа ашық.
Осы үңгірден басталды.
Кер тағы тас Кавказың,
Жамбастап жар тастарды
Шыңы бұлттан тапты өзін.
Екі жағы тар жолдың
Қаланған шың жар тастан,
Ұшар басы таулардың
Көктен барып айқасқан.
Сүйеді шың басын күн
Төсін ақ бұлт айқалап,
Жүгін талай ғасырдың
Тау тұр бейне арқалап...
Бәлкім, өлең жазған-ды
Жүріп мұнда Лермонтов,
Мені де тау қозғады, –
Жүректен жыр тербелтіп.
Осы шыңда өстің-ау,
Шіркін, сері грузин!
Астың – теңіз, үстің – тау,
Өмірің бір жыр өзен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кавказ қақпасы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Кавказ қақпасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кавказ қақпасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кавказ қақпасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері