Қыздың тамшы көз жасы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қыздың тамшы көз жасы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1346
Қыз көзіне жас алар,
Қатты,
я тәтті минутта..,
Дірілдесін қос анар,
Жүрегін жаз үн қат та...
* * *
Рицаның жолында,
– «Анау, Шерба тауы!» – деп
Шал бір шыңның жонында
Сөйлеп кетті,
қағып иек:
«Шербачидзе ордасы
Тұрған сонау үш таған,
Әйелдікке тауда осы
Он екі қыз ұстаған.
Кенже әйелін оңаша
Шың қорғанда бағыпты,
Көрікті екен тамаша,
Жылап көзі ағыпты...
Кенет бір түн тас болып,
Сұлу семіп қалыпты,
Қара тасқа жас толып,
Тастан тамшы тамыпты...»
Жалт қарасам: көк тастан
Көз жасындай тамшы ағып,
Тұрды сырын ашпастан,
Тілсіз жартас томсарып!..
Ол бір бағы заманның
Өткен мұңды ізі де,
Әжімі ескі мұң-зардың
Қалыпты тас жүзінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері