Тілерім

Бұл бетте «Тілерім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1019
Томсарып тұйық түн өтті,
Таң алды жырды гүл басын
Тамсанып тұрып күн өтті
Тірліктің сұлу тұлғасын!
Өмірден менің тілерім
Көп емес, тіпті аз дер ем,
Тоқталғанша жүрегім –
Жүйткіте жыр жаз дер ем.
Өмірден менің тілерім
Көп емес, тіпті аз дер ем,
Жырмен туған жүрегім
Сайраса елге – наз дер ем.
Қалам ап көңілім толғанса,
Қағазға түссін із дер ем.
Түсетін ізім болмаса, –
Жоқ ізді қайдан іздер ем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілерім өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Тілерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері