Ажал мен өмір – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ажал мен өмір» атты Тайыр Жароков жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 764
Адамзат өсіп, өніп түрге енеді,
Ағаш та көктем туса бүрленеді,
Аяймын, тек аз ғана өмір сүріп,
Гүл неге семер болса гүлденеді?
Туудың өлер болса қажеті не,
Адамның болса өмірге бір керегі?
— Табиғат!— неге олақ жасағансың
Туғанға — өлу деген өнегені?
Жойса ғой «ажал» деген сұмдықты өмір,
Әйтпесе өлгісі кеп кім өледі?
Бұзар ем ерік берсең тәртібіңді —
Өшіріп елім атты неменеңді!
Қолымда болса менің,— мың ажалға
Бермесем жақсы жазған бір өлеңді!
Өлімді ақын жеңді деп ұғамын,—
Жасаса өлмейтұғын тірі өлеңді!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажал мен өмір өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ажал мен өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажал мен өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ажал мен өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері