Өмірдің талай қыры бар

Бұл бетте «Өмірдің талай қыры бар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1207
Өмірдің талай қыры бар,
Өмірдің талай сыры бар,
Қуаныш пен қайғының
Өзіне тән жыры бар.
Жаздың қызыл гүлі бар,
Гүлдін де солар күні бар,
Гүл солғанын күз ұғар,
Әр мезгілдің сыры бар...
Күздің де келер қысы бар,
Қыстың да аяз күші бар,
Көктем туса қыс қашып,
Бас иіп, қол қусырар.
Өмір барда – өну бар,
Туу барда – өлім бар,
Адам өлмес болса екен,
Ажалда мәңгі кегім бар!
Кезімен ажал жеткені
Өкініш емес, тек мені
Өкінтеді адамның
Мезгілсіз өліп кеткені...

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің талай қыры бар өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің талай қыры бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің талай қыры бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің талай қыры бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері