Днепрде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Днепрде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Кемесінде Горькийдің
Жүздім бойлап Днепр,
Сұлу өзен көркін бір
Керіп достар бірге отыр.
Бойы биік Киевтің
Еңкейді кеш аспаны,
Еңкейді бас иіп күн,
Еңкейді көк каштаны...
Сүйді аспаны тәжім қып
Кен Днепр жиегін,
Каштаны алып жазын құп,
Шашты ақша гүл жібегін.
Аспаны да, каштаны
Құшақ жая біздерге,
Гүлі жұпар шашты әні
Днепрде жүзгенге.
Кемесі осы «Горькийдің»
Жүзді үстінде Днепр,
Жүздім мен де еркін бір,
Десең: – Қаста кім отыр? –
Қаста, қаста алуан достарым,
Қаста Бажан, Гончар бар,
Топ-толы қаламдастарым,
Толғанған ақын қанша бар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері