Күн батарда

Бұл бетте «Күн батарда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 760
Екі жарын өзеннің
Көк тоғайлар көмкеріп
Тұрғандарын сезем мен
Басын суға төңкеріп.
Бала қайың жағада
Түріп күміс балтырын,
Күн батарда жай ғана
Суға түскен ақырын...
Құлағында тізілген
Көк жапырақ сырғасы,
Мықынынан үзілген
Сұлуға ұқсас тұлғасы.
Тізесінен түрініп
Суға малшып қыз қайың, –
Гүлі желге үрініп
Көрдім толқын сызғанын.
Сол бір кезде сұр қанат
Шағалалар алды орап,
Ұшты өзенге сорғалап,
Тұрдым алға мен қарап.
Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқымай қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн батарда өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Күн батарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн батарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн батарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері