Шопан мен әжесі

Бұл бетте «Шопан мен әжесі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 749
Көктемгі аспан көнегінен,
Құйды жаңбыр, құйды жаңбыр!
Өткізген бұлт елегінен
Күміс тамшы сүйді балдыр.
Ақ жаңбырда қойлар ықтап
Ауып кетіп жүрмегей деп,
Шопан бұқпай қорғалақтап,
Шолмақ болды жүлгені өрлеп.
Жылтыр жеңіл жадағайын
Жамыла сап үйден шықты,
Ойлап әже бала қамын
Күпіні алып үйреншікті:
– Бойға жылы, ки күпіні
Кетпес үшін жаңбыр өтіп,
Жадағайың тым жұпыны,
Желге ұшпай ма қаңғыр етіп?
Өзі жылтыр, өзі жұқа,
Қайыңның құр қабығындай,
Жадағайын, жаңбыр жұта
Жұлынар үй жабығындай.
Дегеніне, құлақ аспай
Шора шопан атқа қонды,
Құлиды-ай кеп құла қасқа, –
Құлын сауыр, мақпал өңді...

II
Әже күтті. Шора кеткен
Кимей жылы үске киім,
Аппақ жаңбыр тынбай төккен,
Тынбай төккен түске дейін...
Ымырт түсе жаңбыр тынып,
Жерге оралды бозғыл тұман,
Әже үйінде жалғыз тұрып
Күтті ұлын қаз қалпынан.

III
Қас қарая шопан қайтты,
Қоралап боп қой отарын,
Күпіні де, шапанды айтты –
Киімі деп, – кәрі атаның...
Кәрі әжесі қолмен сипап,
Ұстап көріп жадағайын:
– «Су өтпестей келген сыйқы
Құрғақ қой жең-жағаларың?
Құлыным-ау, су өтпейтін
Бұл жарғақты қайдан алдын?
Жаңбырды да шүмектейтін
Елемепті, қайран қалдым?..» –
Деді, – мұны тігіп берген
Өнер көркі – химиямыз,
Қыздарға да, жігіттерге
Тігіншіміз – химия қыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопан мен әжесі өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Шопан мен әжесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопан мен әжесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопан мен әжесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері