Қанат қақты химия
Бұл бетте «Қанат қақты химия» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жиырмасыншы ғасырда
Даңқымызға дала тан,
Тағы тарттық асуға
Айға созып алақан!
Өрге тартқан ғасырдың
Өрмек жүзі ауғанда, –
Көзін не бір асылдың
Таптық кенді таудан да...
Өзендерден от алып,
Өрендерім күш қосса,
Көкті шарлай қопарып
Ұшса ерлер космосқа.
Түлеп, – торқа жамыла
Бір қиядан бір қия
Тұрған шақта, – тағы да
Қанат қақты химия!
Химия, – әже, – сәбидей
Жаңартып дән жөргегін,
Шымға шырын себелей
Құлпыртуда жер қоңын.
Жер демекші, – жеріміз
Жұтаң емес, жүлделі! –
Жерден алған еліміз
Үлдені де бүлдені...
Болат па, ия, мұнай ма, –
Кеннен елім кенде емес!..
Сайған өзін құдайға
Кей ел – бізге тең де емес!
Сахнасында даламның
Су би билеп сілкінді,
Қалай одан табам мін, –
Балерина ол – секілді...
Қырларында қазақтың
Лаулап кокс пештері
От қуатын маздатты
Көкті керней күштері!
Ал, – осы күш үстіне
Ғұламалар күш жалғап, –
Қиялдан да, түстен де
Асты біздің күш самғап!
Қияларға химия
Нәрін құя минерал, –
Өрбуін ел тұр ұға
Далада егін, қырда мал...
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі