Жұлдыз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1014
Түн қараңғы қоңыр бұлт,
Бір кезде түсі бұзылған.
Кеудеде өрт, жабық кілт...
Қайғыдан сызық сызылған.
Бұлттан көрпе жамылып,
Қансырап әлем ойлады.
Дүние өрт боп жарылып,
Өртте екі тап ойнады.
Езілген тап екпінді,
Создық қолды жұлдызға,
Қолға ағып дөп қонды,
Таңғы шолпан жұлдыз да.
Жарығы жайнап жарқылдап,
Құлпырды қызыл жұлдызым,
Бес бұрыш алтын жалтылдап,
Қызартар — нұрлап жер жүзін.

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері