Бірлік – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Бірлік» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 2
  • 17391
Әуелі етіп білік басыңды қос,
Соннан соң әр мұраттан қалмассың бос.
Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,
Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.
Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар ...»
Болады тұрсң тұтас дұшпан да дос.
Алатауың ала болып тұрған күнде,
Асыңның ауызыңдағы кетуін тос.
Таласты алалықпен тастамасаң,
Бір күні туған жерге айтарсың «қош».
Бірлікпен илеу салған құмырысқа да
Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Nurly

Маған Сәбит Дөнентаевтің өлеңдері қатты ұнайды

Назира

Өте әдемі өлең

Осы автордың басқа өлеңдері