Шыңға атқан оқ – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Шыңға атқан оқ» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 817
(С. М. Кировтың қаза болуына)

Күрсініп Нева толқыды,
Көк тұманын жамыла,
Соқты керней толқыны
Гранитті жарына.
Ел елеңдеп, ер сергіп,
Жеті түнде жасанды.
Кемпір Нева кемсеңдеп
Көзіне іркіп жас алды.
Үйткені туы қолында
Революция баласы,
Жаудан алған бойында
Жан тапсыртты жарасы..,
Miне осы үшін өршіге
Кекті жүрек күйінді;
Шымырқанып тепсіне
Шүйілді, миллион шүйілді.
Қараңғы түнде қызыл ту
Көшені қанды толқындай
Басты, ұштасып кетті шу,
Факелдер өртше жарқылдай!
Кронштадт күрілдеп,
Көк барабан қағылды;
Балтық теңіз дірілдеп,
Көк шатынап жарылды.
Теңіз ері тепсініп,
Қара бұлттай түйілді:
Ер Путилов кексініп
Жұмысшылар шүйілді.
Топан басса құламас
Біздің шың, құз ірі еді;
Шың басында Мироныч
Ер қыранның бірі еді.
Шашыратып наганнан
Шыңға атқан оқ немене?
Шың болаттан құйылған
Оқ дарыр ма жебеге?
Қош, Мироныч, сен кеттің,
— Күшінде биік шың қалды,
Кегі кетпес бұл кектің,
Шыңда миллион мың қалды.

1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңға атқан оқ өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Шыңға атқан оқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңға атқан оқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңға атқан оқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері