Ән салсам

Бұл бетте «Ән салсам» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Қырымда тұрып ән салсам
Кремльге жеткізем,
Кремльден ән салсам
Бүкіл елге жеткізем.
Бүкіл елге жеткен ән
Аузында халқымның,
Халқым тәтті ән тілеген
Нақысындай алтынның.
Алатаудан ән салсам
Аспаныңа жеткізем,
Алты қабат аспанның
Астарынан өткізем.
Аспанға алыс жеткен ән
Аузында ерлердің,
Асқарлай ұшып аспаннан
Самолетке мінгеннің.
Каспийде тұрып ән салсам
Жеткіземін Балтыққа,
Балтықтан тұрып ән салсам
Жеткізем мұзды Мұхитқа.
Мұз Мұхиттан жеткен ән
Құйылады ұстап бұлаққа.
Шырқалған ол ән отаннан
Арналған қызыл флотқа.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән салсам өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ән салсам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән салсам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән салсам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері