Сол баяғы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сол баяғы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сол баяғы күз бағындай көңілім,
Сол баяғы қарапайым өмірім.
Мені іздеп телефонға үңілсең,
Сол баяғы өзгермеген нөмірім.
Сол баяғы себінемін әтірден,
Сол баяғы өмір сүрем хатыңмен.
Жаяу келіп, жаяу кеткен үйіңнен
Сол баяғы тесік табан бәтіңкем.
Сол баяғы жалғыз көше, жолдарым,
Сол баяғы тесік қалта шалбарым.
Сипалаған жүздеріңді аққұба
Сол баяғы тастай қатты қолдарым.
Сол баяғы қол жайғанда тілегім,
Сол баяғы жымиып тек күлемін.
Тоңғаныңда ызғарына жалғанның,
Сол баяғы жылытатын жүрегім.
Сол баяғы қара жұмыс, жан бағыс,
Содан кейде көріспеуші ек апта біз.
Келу...
Кету...
Соңғы орындық...
Терезе...
Сол баяғы 105-ші автобус.
Жапырақтар — жүрегімнің әр хаты,
Ақ жауын ғой ақ көңілдің шәрбаты.
Сені маған қия алмаған бұл шаһар,
Сол баяғы сырласым да Алматы.
Сол баяғы арман тұлпар шабысым,
Сол баяғы өзен мінез ағысым.

Кейіп кейде, сүйіп кейде сөйлейтін
Сол баяғы мұң аралас дауысым.
Көктен жауды қанша сезім?
Қанша жыр?
Сезім сіңген дымқыл көше жол жатыр.
Жаңбыр — сылтау...
Екеу едік бір болдық,
Сол баяғы бізді қосқан қолшатыр...
Дауысың да жете қоймас, ал шақыр!
Кеттің сәулем...
ізің сіңген жол жатыр.
Жаңбыр — сылтау...
Екеу едік, бір болдың,
Сол баяғы бізді бөлген қолшатыр.
Сол баяғы шақырады кең дала,
Сол баяғы жусан исі — ем ғана.
Өзгергенмен жүрегімнің тұрғыны,
Сол баяғы өзгермеген мен ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол баяғы өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сол баяғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол баяғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол баяғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері