Шілде – Сәбит Дөнентаев

Бұл бетте «Шілде» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2015
  • 0
  • 3
  • 5706
Жазбен жалғакс шілде келді,
Деп ұқпаңдар мүлде келді,
Қонысыңды қуантам деп,
Шақырайған түрде келді.
Маса, сона, бүгелектер
Ұрандасып бірге келді.
Бәріне де ерулік бар,
Кім шеттетер іргелі елді.
«Рас-ау» деп басын изеп,
Боз шолақтар тілге келді.
Сылдыр бақай, тақыр танау,
Сәске болмай үйге келді.
Қой пысқырып шөлдеп, шулап,
Ұзын мойнақ көлге келді.
Құдық басы төрт түлікпен
Шаңқай түсте үймеленді.
Қымыз жылып, жүректі алып,
Сусын қанбай күйзеу енді.
Бір бұлт шығып, жауса жаңбыр,
Шаң басылды, құдай берді.


Пікірлер (3)

әсел

өте жақсы екен

Әсел

Керемет екен

Дұрыс жазбайсындарма

Потсва
Нкремкск

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шілде өлеңінің авторы кім?

Сәбит Дөнентаев — осы өлеңнің авторы.

Шілде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шілде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Дөнентаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шілде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері