Өлең, жыр, ақындар

Дуэль

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Ызғарлы жерді жапқан аппақ қардың,
Сыңсыған сұрғылт қысқы қара орманның,
Томсарып ортасында ақын тұрды
Күткендей ажал оғын сұм заманның.
Дантестей сұм заманның қара бетін,
Тұрғызып жекпе-жекке ақын бекім,
— Ал, ат!—деп, кезек берді қас қақпастан
Ыңғайлап алды қолға пистолетін.
Туған жан анасынан қан уыстап
— Сұм Дантес пистолетін қолына ұстап,
Таланттың жұлдызына — оқтан тілді
Қаттырып, атты тура, көздей нұсқап.
Ойпырым-ай! Ұшып тусті ақын құлап,
— Ақ қарды, қайта ұмтылды, қанға бұлап.
Дірілдеп қолындағы пистолеті
Бір атты, кеудедегі оққа шыдап.
Дантеске дарымады атқан оғы,
Жаралы ұйи берді тұла бойы;
Сылқ етті өмірменен қоштасқандай
Соңғы рет көз алдында толқынды ойы:
Сыңсыған қоштасты ақын орманменен,
Бірақта, қоштаспады арманменен,
Жеркеніп көз жұмғанша қарсы болды
— Қоршаған абландай жалғанменен.
Ақынға,— қош!—деді көл, қош — деді орман!
Жанармыз жұлдыз болып, қош!—деді арман.
Көрініп Қара теңіз, Кавказ шыңы
Бар халық бостандықты арман қылған.
Өлді ақын, қоштасты ақын, жүз жыл өтті,
— Жоқ, жоқ, жоқ, өшпес, алыс даңқың кетті,
Орындап арман қылған бостандықты
Біздің ел таң атқызды, туын тікті.
Қайтардық саған атқан оқтың кегін,
Торлаған,— талқан қылдық, дұшпан шебін;
Құлпырды Қара теңіз, Кавказ шыңы;
Бөледің нұрға байтақ қазақ жерін.
Тойлады жүз жылыңды менің елім,
Өлі емес, осы сенің тірілігің.
Тойыңда бокал толған өлеңіңді
Алып кел, жұтып жанның басам шөлін.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ол жерде

  • 0
  • 0

Жыртқан жерін соңғы рет
Бір айналып өтті де,
Біздің Коля мөлдіреп, —
Қырға көзін тікті де,

Толық

Мыс құямыз тамағына

  • 0
  • 0

Батпан қолды ерлер күшті,
Құрып құрыш құрылысты,
Көл Балқаштай көлкітті, әне,
Жауға ажал ғып, қызыл мысты.

Толық

Вулканы от шашқан ба?

  • 0
  • 0

Әлпі тауы құздарын,
Қорқыта, түсін бұзғанын —
Долыланып, түтігіп,
Түйіле төгіп ызғарын.

Толық

Қарап көріңіз