Жамбылға

Бұл бетте «Жамбылға» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1523
Қарт Жамбыл — жас сұңқардай саңқылдаған,
Алқымы — ащы айқайға алқынбаған,
Жырлары өшпейтұғын өрден өрлеп,
Айға атқан ақ жамбыдай жарқылдаған.
Алабын Алатаудың жаңғырта аққан,
Бұлақтай сез маржаны сарқылмаған.
Жан аз ба, шыңнан тоят тілеп ұшқан
Бұлбұлдан үлгі алуға талпынбаған.
Ол алтын поэзия мұхитына
Қоңыр қаз сүңги жүзіп қаңқылдаған.
Өмірдің бұлбұл құсы ол — төккен ұшырып,
Халқына, отанына жыры шырын.
Өлеңмен бүлкілдеген көмекейден
Көрікті төккен сұлу өмір жырын.
Шыңына Алатаудың жетіп үні,
Отанның оятқандай ойы-қырын.
Өмірдің бақшасының бұлбұл-шалы
Жырлаған жердің гүлін, күннің нұрын.
Өлеңнің қызыл-толқын туын тігіп
Гүлденткен тастан қына,— таудың шыңын.
Өлеңнің жүрегінен жағып шамын,
Шабыты шалқып жатқан бұл бір шалың.
Тоқсанда қайта туған жас баладай
Тойлаған бақыт дарып тұрған шағын,
Бомбаның порох жарған оғындай-ақ
Өртеген өлеңімен елдің жауын!
Шырқалған Алатаудан оның жыры
Жаңғыртқан жалт қарата Кавказ тауын.
Сөзі — алтын, көзі — жұлдыз, жаны — жігі
Қайтпаған хан, патшадан белін бүгіп,
Алмастай өткір сөздің айбынынан
Жеті қат жерге кірген жауы бұғып;
Алма бет, күміс сақал, алғыр ақын
Таң нұрлы жырын төккен күндей күліп.
Туындап, түк тастаған тарлан жүйрік,
Жүлде алған тоқсан жаста қайта туып.
Өршігіш өрге салсаң өрен жүйрік,
Тұрғандай орденына өлең ұйып,
Бұлбұлы гүлге оранған кең даланың,
Мың жаса, поэзия туын тігіп!

1938


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбылға өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жамбылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері