Жырла, бөбек

Бұл бетте «Жырла, бөбек» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Жырла, бөбек, бал бөбек,
Шырқап әнге сал, бөбек,
Таң шапақтап атқанда,
Қызыл арай жаққанда,
Шырлап ұшып бозторғай
Көкте қанат қаққанда,
Бұйраланып, сылдырап
Таудан бұлақ аққанда,
Қонып таңнан бұтаққа
Бұлбұл да сайрап жатқанда,
Өмірден алып өнеге,
Жырламай, бөбек, немене?
Жырла, бөбек, жан бөбек,
Жырың шырын, бал бөбек!
Балаусалы жайнаған
Шағыңда шалқып ойнаған,
Жаздың раушан гүліндей
Мойнына қызыл байлаған,
Сызылтып таңнан ән салсаң
— Бұлбұл да тыңдар сайраған;
Жалынды жас балуан,
Бұлшық етің ойнаған,
Жастық қайрат жігерін
Жай тасындай қайнаған,
Көзін шыңның шолпаны,
Бетін қызыл алмадан.
Өркенісін өмірдің
Түлетіп таңнан таңдаған,
Алатаудан ән салсаң
Дауысыңды әлем тыңдаған.
Жырла, бөбек, жан бөбек!
Жырың шырын, бал бөбек,
Алтын өмір бесікте
Сені сәулем тербеткен,
Баулыған отан ананың
Ұланысың ержеткен.
Әлпештеп сені өсірген
Сендер отан түлегі,
Жүрегіңмен бір соққан
Оның да ұлы жүрегі!

1938


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырла, бөбек өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жырла, бөбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырла, бөбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырла, бөбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері