Ақын анты – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ақын анты» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 776
Қуанғаннан шарқ ұрамын,
Ұлы сыйға жаным күлген;
Сыйы асыл партияның
Ақындардың жанын білген!
Неге десең біздің үшін
Поэзия туын тіктің,
Елге арналып ізгі күшің,
Алтын күннің нұрын төктің!
Соның үшін, ал жырлаймыз,
Күнде өршіген жеңіс жырын!
Қанаттанған халық үшін
Отанның гүл ойы-қырын!
Ақын жаным ант етеді
Жырыменен шын жүректің,
Нұрлы туын мәңгі ұстауға
Биік, құрыш большевиктің!

1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері