Өлең, жыр, ақындар

Киемін сұр шинельді

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 463
I
Маған мәлім, жолдас Марат!—
Сенің туған жылдарың,
Ерлігіңе болғандай шарт
Шырқалған жырларым.
Сол кез: шыңнан бомба еді
Жауды жеңе атылған;
Октябрьде таңғы оқ еді
Жеңіске елді шақырған.
Бұлттар көшіп, оқ тынғанда,
Бесігіңнен көзіңді —
Сен ашқанда, талпынғанда
Тербеткем өзіңді.
Аялаумен сені жастан,—
Алтын Отан — бесігің,
Бәрімізге бірге ашқан
Шын бақыттың есігін.

II
Бала күнің көрген түстей,
Өсіп жігіт болыпсың,
Тұра ала ма туған өспей,—
Топшылана толыпсың.
Енді, міне, қолымды алып —
Қысып тұрсың, қуатым,
Аттанасың майданға анық
Қолыңда сұр мандатың.
Жас құрышым, сенен қалма,
Қолға қару аламын,
Жан аяйды кім майданнан,
Мен де артыңнан барамын!
Неге десең, Ұлы Отанға,—
Құтырған жау бассалды,
Аттанбастан ер жатар ма,
Ұлы айқас басталды.

III
Океанда оқ құрсанған
Шықты талай корабль,
Сүңгуірін жаудың судан
Жықты талай корабль.
Зеңбіректен бұзылғандай,—
Океан мұз, жар тасы,
Оқпен қайта сызылғандай
Жер шарының картасы.
Дедім,— Марат. Болсын жолың!
Қолын алып ұмтылған.
— Бос кетпесін жалғыз да оғың
Жан аяма Отаннан!
Осыны айтып амандастым,
— Дұрыс!—деді,— Марат
Жаны жайнап еркін жастың,
Отан үшін берді антын.
Соныменен сөздің басын
Бастадым жыр қозғандай,
Жырмен қалам ұшталған соқ
Найзаша әуе сызғандай.
Мүмкін сөзі қате болмас—
Мені ақын дескеннің,
Жырымды да тыңда, жолдас,—
Ең әуелі әскермін!
Жазам әрі мен өлеңді,
Ширатам һәм денемді,
Отан үшін қару алып,
Киемін сұр шинельді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдызды керуен

  • 0
  • 0

Көк керуені қараша-қаз тырналар
Күз келгенде көктен беріп бір хабар,
Қиқу сала, керней тартса алыстан
Құлағында сұңқылдаған күй қалар...

Толық

Нарын түні

  • 0
  • 0

Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер