Құсырып жауды жеңген күн

Бұл бетте «Құсырып жауды жеңген күн» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 843
Қақаған қарлы боранда
Қарулы ерлер тонар ма,
Қазіргі қанды майданда
Жауынгер біздің ұлдарға
Қарлы аяз бөгет болар ма!?
Еске алсам өткен заманнан
Болған кезде қан майдан
Батырлар жауын қиратқан,
Денесін аяз ширатқан,
Суық күн серік оларға.
Сұраншы батыр сүңгісін
Сілтеп жауға шын күшін,
Мұртына мұз қатса да.
Белшеден қарға батса да,
Ойран салып дұшпанға,
Қырандай ұшқан сонарда,
Халқының арын ту қылып,
Жау апшысын қуырып,
Қылышын қыннан суырып,
Ер Кутузов, Суворов
Боранды мұздан қайтпастан,
Ат құйрығын түйгенде.
Тайталасып жүргенде
Табаны ердің таяр ма!
Соларға тартқан жас ұрпақ,
Жаудан қайтпас тосырқап,
Қиқулап жауға тигенде
Жауған оққа қарар ма!
Еске алсам кәзір соғысты,
Отанға тиген фашисті
Қарулы ерім қайтарып,
Жаудың күшін тойтарып,
Дұшпанын кейін шегініп,
Қанын судай төгілтіп,
Жалтартпастан қуалап
Мінді күшті қаһарға.
Жауынгер туған ер ұлдар
Жауынан кегін тағы алар,
Батыр бол сын дегізіп,
Ақ сүтін жастай емізіп,
Тастүлектей талпынтқан
Оларды талай аналар.
Анасы жастай тербетіп
Өсірген бала ержетіп,
Аттанғанда майданға,
Сүйсінбес оған қай ана,
Олардан кім аянар!
Қамы үшін талай ұлының
Тігіп жылы киімін
Жіберіп жатқан күнбе-күн
Алуан-алуан ана бар.
Ерлердің туған елінен
Кенелген кенге жерінен
Құрыш қорытып қайнатқан
Ордалы кеннің төрінен
Құрсанып қару жасаған
Құрыш құйған дала бар.
Елге шапқан жаулардан
Аранын ашқан айуаннан
Сақталсын деп астана,
Сақталсын деп жас бала,
Сақталсын деп тұлғалы ел,
Сақталсын деп туған жер,
Құрту үшін фашисті
Жаумен ерлер белдесті.
Майданнан кім жан аяр,
Қырандар біздің ұшқан күп
Қаусырып жауды қысқан күн,
Тырнағынан дұшпанның
Құтқарыла бастады
Талай дала, қалалар.
Жүректі туған жас ұрпақ
Майданнан қайтпас тосырқап,
Түтеген оқтан тартынбай
Жай оғындай жарқылдай
Қастасқан жаудан қан алар.
Нажағайдай атыла,
Жау жендетін жапыра,
Көк пен жерді қаусырып
Жаудан күшін асырып
Жеңістің ұлы таңы үшін,
Отанының ары үшін,
Қыран құстай талпынған
Жас ұрпақтың ер туған
Әрбірі мыңға бара - бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құсырып жауды жеңген күн өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Құсырып жауды жеңген күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құсырып жауды жеңген күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құсырып жауды жеңген күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері