Досқа
- 0
- 1
Дос тұттым, болдым жақын, тіліңе ердім,
Басқадан сырт түсінді артық көрдім.
Көрініс, шырайында еш кіршік жоқ,
өзің мен жүрегінді хаққа бердім.
Бұл бетте «Менің жайым» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ.
Қаруланып қуатсызды қуаттанды,
Құрдан құр қампитқанша қарын, қазақ.
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Уай, жаным, дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі