Досқа
- 0
- 1
Дос тұттым, болдым жақын, тіліңе ердім,
Басқадан сырт түсінді артық көрдім.
Көрініс, шырайында еш кіршік жоқ,
өзің мен жүрегінді хаққа бердім.
Бұл бетте «Жаз» атты Сәбит Дөнентаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ.
Қаруланып қуатсызды қуаттанды,
Құрдан құр қампитқанша қарын, қазақ.
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Уай, жаным, дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.
Балықты құралбай
Тел жақсы
Балжан
Жақсы екен өзі аз түсінікті жəне дəл керек өлең екен білім-алл.кz 10 жұлдыз
Аймара
Олендеры жаксы. Терен магыналы