Теміртау – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Теміртау» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2260
Алқызыл аймағыма атқан тан, да,
Болаттан бұлақ аққан Теміртауда.
Қырынан Қазақстан болат құйған
Теміртау құрыш отау ұлы Отанда.
Ақ тандыр Арқадағы жансыз дала,
Ғажайып бүгін құрыш болды қала.
Түлегі Теміртаудың ер Алтынбек
Тұр тұңғыш болат құйып таң қалдыра.
Нажағай жалынынан қуат жайнай,
Бұрқана қазанында болат қайнай,
Жас қазақ ер Алтынбек екпінімен
Қыздырған завод пешін отпен ойнай.
Теміртау жағасында сұлу Нұра
Отымен электрдің суын бұра,
Балқытқан көк болатты қызуымен
Жүрегін тұр елімнің жылындыра.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері