Жаз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 797
(Фетке пародия)

Сөнеді көктем сөнеді.
Келеді жайнап ыстық жаз,
Шыбын-шіркей ереді,
Шымшып шыққан гүлге мәз.
Егін басы жарылып,
Талмен бойы таласқан,
Шыққа дала малынып,
Жұпар шашқан алыстан.
Жылқы шұлғып шыбындап
Суға түсіп саялап,
Жазғы кеш тәтті шырындай
Шөл басқандай аялап.
Құр қоразы үн тартып,
Кекілік ұшқан ашықтан,
Қыз инесін жоғалтып
Әлдеқайда асыққан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері