Аурудан соң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 950
Айықтым мен, айлар бойы басымнан
Торлап тұрған тұман түні сөгілді.
Маңдай терім, таң алдында шашылған
Бейне мөлдір шық секілді көрінді.
Көзімді аштым, дүние жайнап, сейілді,
Шаттық бөлеп тұрғандай бір жан-жақты.
Сонша әсерлі, жаңа көріп өмірді,
Тұңғыш рет басқандаймын аяқты.
Алтын жастық, махаббатың өзі бір
Нұр бейнесі секілденіп қасымда,
Жалт қарасам, – аурухана қызы тұр
Мамық қолын тосып менің басыма.

Октябрь, 1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аурудан соң өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Аурудан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Аурудан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аурудан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері