Салқын түнде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Салқын түнде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1141
Мен тыста солқылдаған кроватта
Жатырмын салқын түнде жұлдыз санап...
Жылтылдап мың құбылып бір минутта
Жұлдыздар жымыңдасад мені қарап.
Тұңғиық биік аспан ең төрінен,
Ерекше жарық шаша шолпан жанад.
Мен сүйген сұлу қыздың маңдайындай
Бір көрсем бір мың жылдық мауқым қанад.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері