Бұл бетте «Жар іздеген жігітке» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жар іздеген жігітке
Ару емес, ақша іздеген жігіт көп,
Үйленуге қолайлы.
Ақылың мен абыройың тиын көк,
Жағдайыңа қарайды.
Қызы болсаң бай адамның күні-түн,
Телефонға тыным жоқ.
Сүйе тұра.. тастап кетер жігітің..
Болса көлік, үйің жоқ.
Үміт сыйлап, сезіміңмен ойнайды,
Танығанша жақыннан.
Ата-анасы қарсы шықса зор қайғы,
Таба алмайсың қасыңнан.
Бір мезетте бес қызбенен сөйлесіп,
Ойнайтын көп жігіттер.
Зина — қарыз. Жақыныңа қайтады,
Дөңгелек қой жұмыр жер.
* * *
Ер жеттің бе? Қара, зертте сыртынан.
Текті үйдің қыздарын.
Таныс әпке, қарындасың арқылы,
Сына білім, иманын.
Мінезі де жайлы болсын барынша,
Шайпау болса — қасірет.
Көркем мінез, сұлу болса білімді,
Таптырмайтын қасиет!
Десе-дағы өзің қандай, сондай қыз,
Кез келеді болып пар.
Бақыт деген — қамқор болу әйелге,
және болу АДАЛ ЖАР!
Гүлмекен Қасенбай
21.07.2022
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі