Қуан – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Қуан» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қуан

Балаң құтырса қуан -
Қозғала​ алғаны үшін.
Дабырлап шуласа қуан -
Сөйлейтін болғаны үшін.

Жүгірсе, секірсе қуан -
Дені сау өскені үшін.
Тамағын өзі ішсе қуан -
Өңештен өткені үшін.

Айтқанға көнбесе қуан -
Ақылы толысып келеді.
Өзіндік пікірі дамып,
Ойымен бөлісе біледі.

Сұлулық ұнаса қуан -
Талғамы дамыған екен.
Жатырқап жыласа қуан -
Қауіпті сезеді бөпең.

Бастысы балаңа қуан -
Жаратқан сыйлаған екен.
Ең озық тәрбие бергін -
Қазақтың ұлына көкем!

22.01.2021


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуан өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Қуан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар