Біздің дәуір – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Біздің дәуір» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2022
  • 0
  • 1
  • 6645
Шабуыл біздің дәуір емес аяң,
Отарба алып ұшты, қалып маяң,
Жүйткіген тұрмыс қазір экспресс, —
Айтқандай менің досым ақын Аян...
Ескілік жаңалықпен қылған тірес,
Ескіні кеміп жерге қоймақ крес.
Тұрмыстың машинасы қыж қайнайды
Жүйткиді социалдық экспресс.
Жырласам — әуелекше ырғиым ғой,
Төтелеп көк садақша сырғиым ғой.
Қазіргі ат әуелек пен экспресс, —
«Гүл қылаң» дегенім, тек бір киім ғой.
Зырласа тұрмыс өзің илер ме едің?
Асықпай ырғалаштап игермедің?
Зырлаған экспресс тұрмыс түрін
Жазуға асықсам да үлгірмедім!


Пікірлер (1)

Dilnura

Пыкырым маган 5 катар Сакен Суйфуллинынг такпагы керек

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері