Көктемім менің сүйкімді-ақ – Мақсұт Неталиев

Бұл бетте «Көктемім менің сүйкімді-ақ» атты Мақсұт Неталиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4930
Аққулар өтсе тізіліп ұшып қиқулап.
Билейді сезім көңілде ғажап күй тулап.
Шалғында жатып шалықтап әнге басасың,
Осынау әсем көктемнің көркі сүйкімді-ақ!
Көктемнің күні, көктемнің гүлі сүйкімді-ақ,
Кетеді сенің жаныңды билеп сиқырлап.
Түнімен жүріп таң ата бір-ақ келесің,
Қойнында құмның, түбінде талдың ұйқың қап.
Жаңбыр да құйып тұрады нұрын себелеп,
Бас иіп саған қалады гүл мен ебелек...
Көктемің деген көңілді күлкі екен ғой,
Жастықта, бауырым, күлкіден басқа не керек!
Көңілді көктем, көгалды көктем өтпесін,
Жалындап жанып, алау бол, сені от десін.
Лаулаған сенің, аунаған сенің орныңда,
Келешек ұрпақ күтетін гүлдер көктесін!
Барады көкте аққулар ән сап қиқулап,
Билейді сезім, көңілде ғажап күй тулап.
Аппақ құс болып арманым алға тартады,
Көктемім менің, Жастығым менің сүйкімді-ақ!


Пікірлер (1)

Шұғыла Нығметжанова

Өте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемім менің сүйкімді-ақ өлеңінің авторы кім?

Мақсұт Неталиев — осы өлеңнің авторы.

Көктемім менің сүйкімді-ақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемім менің сүйкімді-ақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақсұт Неталиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемім менің сүйкімді-ақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері