Алатау бөктері

Бұл бетте «Алатау бөктері» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3675
Алатау бөктері –
Толған алма ағаш.
Алатау көктемі –
Ылғи қарбалас.
Алатау бұлағы –
Бұйра, бұла су.
Алатау шынары –
Шыңға бір асу.
Алатау нөсері –
Наркескен найзағай.
Шалғын өседі,
Судырлап, ғажап-ай...
Самалы еседі,
Сергек желпініп.
Сау желіп көшеді
Бұлттары жөңкіліп.
Маңғаз шыңдардың
Мақпал шапаны.
Мойыл нулары
Ойға батады.
Ойға батады
Алып тұлғамен.
Тулап жатады
Сулар жылғамен.
Шыңдары мәңгілік –
Асқақ ақ отау.
Сұлулық сандығы –
Алатау, Алатау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау бөктері өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Алатау бөктері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау бөктері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау бөктері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері