Қыз деген кім? – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Қыз деген кім?» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ботам,​ сені​ "қыз" дейді,
Қыздар қысқа кимейді.
Арсыз болсаң, ұятың аз,
Халық сөзбен тілдейді.

Жаным,​ сені​ "қыз" дейді,
Үлбіреген гүл дейді.
Бейәдеп сөз сөйлесең,
Ешкім жақсы көрмейді.

Елің сені "қыз" дейді,
Тазалыққа​ теңейді.
Салақ болсаң, жиреніп,
Тамағыңды жемейді.

Күнім,​ сені "қыз" дейді,
Шуақ шашқан нұр дейді!
Ұрысқақ болсаң, тырысып,
Жаныңда ешкім жүрмейді.

Тәттім, сені "қыз" дейді,
Әркім сынап, мінейді.
Сабырлы бол, салмақты,
Сонда өсек ілмейді.

Құлыншағым қызым,
Мені дұрыс түсін.
Бәрін де өзің білесің,
Үйренсең көп білім.

17.03.2019
Гүлмекен Қасенбай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз деген кім? өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Қыз деген кім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз деген кім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз деген кім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар