Жалған дүние – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Жалған дүние» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қызыл түлкі секілді əттең дүние,
Салып қойдың пендеңді нендей күйге?
Саған қолы жеткендер - кердең қағып,
Айналаға қарауда мұрын шүйіре...
Расында ғажапсың-ау, жалған дүние!

Опа бермес тіріге қайран байлық,
Сенен жақсы мың есе иман, саулық.
Саған құл боп үлгерген пенделерге,
Жаным ашып, тілеймін тек амандық.

Қызғыштай ғып қорғаған қызыл дүние,
Түсірген пенделерді талай күйге.
Қайдан келді? Кім берді?- деп ойламай,
Садақа да бермейді, байғұс пенде.

Жаман-ақ, ақша​ буы​ - тасытады,
Ақшасы аз біреуді​ - жасытады.
Дүниені сүюден сақта Раббым,
Кірдің суы жүректі​ сасытады!

Берсең тек адал мал бер, берекелі,
Бергім келеді өзгеге мен де оны.
Жалғыз өзім бай болсам жарамайды,
Аш отырса айналам, туыс-көрші...!

22.06.2018


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған дүние өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Жалған дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар