Сырласу...
- 6
- 13
Сәлем...өлең,
Алдыңа тағы келдім.
Жүректе сақтаулы әлі,
Айтылмаған бір-аз шерім...
Бұл бетте «Жігерлендіру» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәлем...өлең,
Алдыңа тағы келдім.
Жүректе сақтаулы әлі,
Айтылмаған бір-аз шерім...
Қара күздің шамын жағып,
Құстар да тұра алмайды дамыл қағып.
Тәтті елеске ұмсынып сезім құсы,
Мазалайды түнімді,таңымды алып.
Тұсау салып қойғандай өмір маған,
Керме жібін үзе алмай көңіл де алаң.
Жазмышымның жүктерін арқалауда,
Бір Көмегің керек -ау сенің маған .
Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.
Қазағымды біледі бәрі жетік,
Қылған тіпті елімді тәлім етіп.
Тәубе еткен жұртымның бүгініне,
Көз жіберіп қарайық, қалай жеттік?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі