Өлең, жыр, ақындар

Міне көл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 0
  • 9646
Көлің міне,
Күндіз, түні
Мың түрлі әнмен шулайды.
Кейде тынық,
Кейде күліп,
Кейде ашумен тулайды.
Шалқар көлім!
Жібек жерің
Беттен шөп-шөп сүйе ме?
Кейде жайқап,
Кейде шайқап
Тентек шіркін тие ме?
Айнала ұшып,
Қайта түсіп,
Қалың құсың ойнайды.
Қанат жуып,
Көбік қуып,
Суға шомып бойлайды.
Бойлайды да,
Ойнайды да,
Дөңгеленіп билейді.
Қосып бірге,
Әрбір түрге
Әсем күйін күйлейді.
Күйің жырлы,
Сансыз сырлы,
Құбылады мың түрлі.
Торғын буың,
Күміс суың,
Суда сұлу аққуың.
Әсем әнің,
Көркем сәнің
Көңілді айна ашпай ма?
Жұмсақ демің
Дертке емің,
Қасірет болса баспай ма?

1925 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міне көл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Міне көл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Міне көл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міне көл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері