Жан

Бұл бетте «Жан» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2004
Менің жаным шыбын ба шыныменен?
Шығып кетсе болғаны – бүгін өлем?
Жаным – шыбын және де біреу өзі…
Айтшы, дәлелдейсіңдер мұны немен?
Шыбын болса, жарайды, шыбын болар,
ал бір деген жай қате ұғым болар.
Жан дегенің жалғыз-ақ шыбын екен,
онда адамда не жөнді ғұмыр болар?
Сақтау үшін алысып жыртқыш елмен
қорғаймын деп жандарын жұрт күшенген.
Жан деп әлдеғандай ғып жүргеніміз
жалғыз шыбын дегенге тіпті сенбен!
Өмір - айдын, тірлігім – кеме көпір,
кеме үстінде бір шыбын келе ме құр?
Менің күйсіз ішімде жалғыз өзі
не деп отыр немесе не жеп отыр?
Бір клетка қалған жоқ тәнде жасаң,
өзімді алдап, жұртты алдап әнге басам,
біреу емес, кеудемнен мың шыбынның
қашып шығар кезі өтті әлдеқашан.
Адамда, рас, мың шыбын жан бар шығар,
мың шыбының қырылса, арман сынар.
Ажал-бақа бір-бірлеп таусып бәрін,
қалса менде, біреуі-ақ қалған шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері