Далада

Бұл бетте «Далада» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 1
  • 6377
Міне дала...
Бір топ бала,
Жүгіреді айнала.
Мінген таяқ,
Жалаң аяқ,
Табандарын көк бояп.
Жұлып сасыр,
Салады асыр,
Аунап жерге көкжасыл.
Жас тұлымшақ,
Тап құлыншақ,
Өңкей асау ұрыншақ.
Суы сасыр,
Салады асыр,
Ұлы ананың төсінде.
Совет — атаң,
Дүние — Отан,
Болсын інішек есінде.
Келер кезек,
Қылыш безеп,
Шығарсыңдар бой тежеп.
Туың қызыл,
Көлемі ұзын,
Інішектерім, тез тізіл!

1925 жыл


Пікірлер (1)

Маған Сәкен Сейфуллин ның осы өлеңі қатты ұнайды

❤️❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далада өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Далада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Далада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері