Бозторғай – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Бозторғай» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 3
  • 6910
Міне, торғай,
Үйін қорғай,
Жер бауырлап зырлайды.
Шырқап биік,
Күнге күйіп,
Қалмай сайрап жырлайды.
Бозша торғай!
Толғай, толғай,
Қанатынды қағасың.
Ғашық жарың,
Бар ма зарың!
Кімге үніңді шағасың?
Жылаймысың,
Жырлаймысың,
Жырың моншақ тізілед.
Бірде ащы,
Бірде тәтті,
Бірде даусың үзілед.
Түрлі күйге,
Түрлі биге,
Құйқылжытып баса бер!
Жібек желге,
Жасыл жерге
Жетер, моншақ шаша бер

1925 жыл.


Пікірлер (3)

Годжо

Өте күшті

Әлішер

Өте күшті

Жанаргүл

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозторғай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Бозторғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозторғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозторғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері