Бұл бетте «Соңғы қоңырау (ән мәтіні)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соңғы қоңырау
Қоңырау соғылды соңғы рет,
Ұстаздар қоштасты мөлдіреп.
Біз үшін ең қымбат жандармен,
Қоштастық, ет жүрек елжіреп.
Қ-сы:
Аяулы мектебім сен менің,
Өзіңнен нәр алдым, көктедім.
Үйреткен бар сырын ғаламның,
Дәл сендей данышпан көрмедім.
Мың алғыс айтамыз ұстазға,
Білгенін үйреткен ұл-қызға.
Өмірін өткізген біз үшін,
Тәлімгер ақылды жандарға.
Бірге өскен достарды қия алмай,
Әр жаққа ұшамыз қиялдай.
Ұмытып кетпеңдер жан достар,
Кездесіп тұруға жиі алда!
22.05.2019
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі