Өлең, жыр, ақындар

Пролетариатқа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 1
  • 1869
Он алты, он бес жасымнан,
Төңкерістің басынан,
Өлеңмен ердім сарынға.
Жоқ еді онда білімім,
Негізі жалшы ед жырымның,
Тұрмыс салған ағымда.
Енді болдым, білімді,
Жалшы деп жазам жырымды.
Тұрмысым солай, жаным да.
Өлеңім менің — еңбегім,
Еңбегім менің ермегім,
Тағы да жазам, тағы да.
Өлеңім, жырым — бар малым,
Бар малымды арнадым,
Адамзаттың тазасы,
Жаңа дүние қожасы,
Пролетар табына.

1929 жыл


Пікірлер (1)

Адам

Отрк

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пролетариатқа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Пролетариатқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Пролетариатқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пролетариатқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері