Жазғы егіске

Бұл бетте «Жазғы егіске» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3059
Жер де, көк те
Жазбенен мәз.
Сыңқылдайды
Аққу мен қаз.
Гүл шашады,
Күледі жаз —
Жас сұлудай оянған.
Жаздың сұлу
Күй мен сәні,
Күш тасытар
Мың түрлі әні.
Шын жас сұлу —
Шырай емес боянған.
Жер де, көк те
Жазбенен мәз...
Саңқылдайды
Аққу мен қаз.
Большевиктік
Екінші жаз —
Шақырады егіске.
Бұл егістік, —
Қазіргі ұлы іс.
Болмасын бір
Қарап тұрыс.
«Темір айғыр»
Жасыл құрыш
Үзбей шықсын жегіске.
«Темір құждар»
Тізбек-тізбек,
Болмай ешбір
Тізбекті үзбек.
Болмай іссіз
Күнді өткізбек
Шықсын қаптап тегіске.
Лек-лек темір
Айғыр жексең,
Жер қыртысын
Қылып жексен,
Мың-мың батпан
Тұқым сепсең —
Қаулар бидай, мақтасы.
«Темір айғыр»
Жасыл құрыш,
Сап-сап қатар
Салсын жүріс.
Еңбекшіге
Үлкен ырыс,
Міндетті ісін ақтасын!..

1931 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы егіске өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жазғы егіске өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы егіске өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы егіске өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері