Kім басшы – аға халыққа?

Бұл бетте «Kім басшы – аға халыққа?» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2359
Халық ағасы жұрт қорғайтын панадай,
Адасқанды жөнге салар данадай.
Қара халық жөн білмейтін, адасқан,
Соңынан еріп қалқақтаған баладай.
Біздерде аз халыққа аға болған ер —
Шын көңілімен өз жұртының қамын жер,
От басында ынтымақсыз өздері,
Солар аға, солар басшы дегендер.
Бірікпесе басшылардың сөздері,
Бірін бірі кекетсе олар өздері,
Қыңыр-қисық қазақ халқын түзеуге
Кәне олардың құрған өйтіп тездері?!
Олар өйтсе, кім басшы-аға халыққа?
Қисайғанды кім салады қалыпқа?
Басшысы жоқ адасқан қара халықты
Кім бастайды қараңғыдан жарыққа?
«Аға» дейміз бізді жөнге бастаса,
«Кір қатарға, ілгері адым бас» десе,
Өздерінің ынтымағы бірігіп,
Алты бақан кер тартысты тастаса.
Кейінгіге жақсы өнеге көрсетіп,
Надандықты табанымен таптаса,
Шыбын жанын халқы үшін пида қып,
Ата күші, ана сүтін ақтаса.
Сонда сіздер басшы бізге, ағалар,
Жоғарыдан жанашыр жоқ көз салар.
Қызметі деп басшылардың халыққа,
Кейінгі жас аға асын бағалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Kім басшы – аға халыққа? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Kім басшы – аға халыққа? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Kім басшы – аға халыққа? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Kім басшы – аға халыққа? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері